- Қаралды: 466
«№ 3 қалалық емхана» ШЖҚ КМК базасында 2023 жылғы 1 қазаннан 1 қарашаға дейін қарттар мен мүгедек адамдарды әлеуметтік қолдау айлығын өткізу бойынша іс-шаралар өткізілуде. 5, 12, 19 қазанда қарттар мен мүгедектерге арналған «Ашық есік күндері» ұйымдастырылды.
Біздің алдын алу және әлеуметтік көмек қызметкерлері үй жағдайындағы тасымалданбайтын пациенттердің үйлеріне барып, әлеуметтік көмек және психологиялық қолдау көрсетті, сонымен қатар қарттар мен мүгедектер санатындағы 35 адамды емханада бейінді мамандардың кабинеттеріне апарып ілесіп жүрді, әлеуметтік жұмыстар бойынша 6 адамды ресімдеді, үйге барып дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету -32 адамды қамтыды.
5 қазанда біздің емхананың қабырғасында 17 пациентпен әңгімелесу өткізілді, «Дұрыс тамақтану бойынша 10 кеңес», «Дене белсенділігі» тақырыбында жеке консультациялар көрсетілді. Науқастармен қамту 49 адамды құрады. Ақпараттық-білім беру материалдары таратылды – 20 дана.
12 қазанда егде жастағы адамдармен, сондай-ақ темекі шегу мәселесі бойынша мүмкіндігі шектеулі пациенттермен «Темекіні тастағысы келетіндерге практикалық кеңестер», «Дене белсенділігінің денсаулыққа әсері» тақырыптарында жеке консультациялар өткізілді. Бұл күні 40 адам қамтылып, ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, тар шеңберлі мамандардың қабылдауында болуына көмектесті. 18 дана ақпараттық-білім беру материалдары таратылды. 19 қазанда егде жастағы және мүгедек адамдармен «Алкогольдің денсаулыққа әсері», «Темекіде не бар?», тақырыбында санитарлық-ағарту жұмыстары ұйымдастырылды, буклеттер, парақшалар таратылды - 30 дана. Әлеуметтік қолдау көрсетілді, тасымалданбайтын пациенттерді дәрілік препараттармен қамтамасыз етілді, тар шеңберлі мамандардан, психологтардан, әлеуметтік қызметкерлерден және басқа да мамандардан қажетіне қарай кеңес алынды - қамту 46 адамды құрады.
- Қаралды: 444
20.10.2023
Тұмау - кез-келген адам жұқтыруы мүмкін жұқпалы ауру. Вирус - тұмаудың қоздырғышы болып табылады, ол жұқтырған адамдардан басқалардың мұрын-жұтқыншағына түседі.
Адамның көбі тұмаумен бірнеше күн ғана ауырады, бірақ кейбіреулердің жағдайлары одан да күрт нашарлауы мүмкін,өлімге дейін әкелетін аурудың ауыр ағымы болуы ықтимал.
Тұмау кезінде созылмалы аурулар күшейеді, сонымен қатар тұмаудың кең ықтимал асқынулары бар:
• Өкпенің асқынуы (пневмония, бронхит). Пневмония көп жағдайда тұмаудан өлім-жітімге әкелетін себеп болып табылады.
• Жоғарғы тыныс жолдарының және ЛОР мүшелерінің асқынулары (отит, синусит, ринит, трахеит).
• Жүрек-тамыр жүйесі тарапынан асқынулар (миокардит, перикардит).
• Жүйке жүйесінің асқынулары (менингит, менингоэнцефалит, энцефалит, невралгия, полирадикулоневрит).
Ықтимал асқынуларды болдырмау үшін тұмаудың алдын алуды уақтылы жүргізу және аурудың өзін дұрыс емдеу маңызды
- Қаралды: 392
Согласно Приказа Министра здравоохранения РК от 25.08.2021г. № ҚР ДСМ-91 О внесении изменений в приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 9 сентября 2010 № 704 "Об утверждении Правил организации скрининга".
Аудиологический скрининг проводится с целью своевременного выявления нарушений слуха у новорожденных, детей раннего возраста для раннего вмешательства, реабилитации и предупреждения заболеваний, ведущих к инвалидизации.
Задачами аудиологического скрининга являются:
- охват всех новорожденных, детей 3 мес, 1 года, 2 лет, 3 лет и 6 лет включительно;
- раннее выявление групп риска нарушений слуха для дальнейшего обследования, своевременного вмешательства и реабилитации;
- направление детей с риском нарушения слуха (тугоухость и глухота) в сурдологические кабинеты для дальнейшего углубленного обследования;
- направление детей с риском нарушения слуха на психолого-медико-педагогическую консультацию для углубленного педагогического обследования и решения вопросов коррекционно-развивающего обучения;
- учет обследованных пациентов внесение данных в медицинскую документацию;
- оказание консультативной помощи родителям по вопросам лечения, коррекции, детей с нарушением слуха.
Толығырақ...
- Қаралды: 310
Интернет алаяқ¬тардың құрбаны болмау үшін сақ¬тық ша¬ра¬лары туралы айтылды. Сөз сөйлеген спикерлер:
Подбернин Виталий Александрович - Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі, полиция майоры.
Балацкая Милена Игоревна - Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасының жедел уәкілі, полиция капитаны.
Галата Екатерина Александровна - Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігі жанындағы қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде сервистік тәсілді енгізу жөніндегі ведомствоаралық топтың менеджері.
Жұмағұлова Томирис Қуанышқызы - Халық Банкінің карточкалық бизнес орталығының аға менеджері.
@cyberpolice_sko
@halykbank.kz
- Қаралды: 367
2-12 қазан аралығында біздің емхана базасында облыс және қала логопедтері үшін «Өрлеу біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ ұйымдастырған «Сөйлеу қабілеті бұзылған балаларға логопедтік көмек және психологиялық-педагогикалық қолдау жүйесі» тақырыбында курстар өтті, Бұл курста 3 емхананың жоғары біліктілік санатты логопеді Евгения Григорьевна Зенченко облыс пен қаланың логопед мамандарына дәріс оқыды, шеберлік сыныптарын өткізді.
Толығырақ...- Қаралды: 372
Құрметті Абзал ардагер ағалар, Қадірлі Асыл аналар!
Сіздердің әрбіріңіздің жүріп өткен жолдарыңыз, еткен еңбектеріңіз – ұрпақ үшін үлгі-өнеге.
Ақылы – дария, білімі – теңіз , өмірлік тәжірибесі мол сіздерден тәлім-тәрбие алған іні-қарындастарыңыз өздеріңіз бастаған игілікті істерді жалғастыруда.
Халық арасында аузы дуалы, әңгімесі бәтуалы өздеріңіздей ақсақалдардың барында ел ішінде алауыздықтың орын алмайтыны, жастарымыз жөнсіз кетпейтіні белгілі.
Сіздерді бүгінгі мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, ұзақ ғұмыр, отбастарыңызға бақ-береке, ырыс-несібе тілеймін! Қазыналы қарттарымыздың қатары ортаймасын!
Құрметпен, үшінші емхананың қызметкерлері
Толығырақ...- Қаралды: 344
"№3 қалалық емхана" ШЖҚ КМК "2023-2025 жылдарға арналған ҚР ересек тұрғындарына қанның қатерлі ісігі және қан түзілу депрессиясы кезінде медициналық көмекті жетілдіру" жол картасының 23-тармағына сәйкес 22 қыркүйекте Дүниежүзілік миелоидты лейкемиямен күрес күніне және 24 қыркүйекте Дүниежүзілік лейкемиямен күрес күніне орай санитарлық-ағарту іс-шаралары өткізілді.
Толығырақ...
- Қаралды: 443
2013 жылдан бастап қыркүйектің әр екінші жексенбісінде Қазақстан Республикасында отбасы күні атап өтіледі.
«№3 қалалық емхана» ШЖҚ КМК-да 2023 жылғы 10 қыркүйекте «Отбасы күніне» орай Ашық есік күні өтті, ашық есік күні аясында Салауатты өмір салтын қалыптастырушы мамандар, психологтар, сондай-ақ отбасылық дәрігерлер салауатты өмір салтын ұстануды қалыптастырудағы дұрыс тамақтану қағидаттарын насихаттады, барлық отбасы мүшелерінің жеткілікті қозғалыс белсенділігіндегі отбасының рөлін жария етуге бағытталған іс-шаралар өткізді.
- Қаралды: 335
Әр жыл сайын тамыз айында біздің емханада кәсіподақ комитеті «Мектепке жол» акциясын өткізіп отырады. 2023 жылы балалар жылы іс-шараларын іске асыру аясында «Баланы мектепке дайындау» - ұранымен өткізілуде. Акция 2023 жылдың 16 тамызында басталды. 1 қыркүйек
– бұл Білім күні және ол алғашқы рет 1-сыныпқа баратын балалар үшін мереке болуы керек, осыған орай «№3 қалалық емхана» ШЖҚ КМК қызметкерлерінің 1-сыныпқа баратын балаларына канцеляриалық қажеттіліктерді алу үшін сертификат берілді.
- Қаралды: 302
Толығырақ...
- Қаралды: 371
- Қаралды: 332
28.07.2023 «№3 қалалық емхана» ШЖҚ КМК базасында жүкті пациенттер арасында «Ана мен баланы әлеуметтік қолдау» тақырыбында семинар өткізілді. Семинарды «СҚО бойынша Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ филиалының директоры Жанар Сағымбайқызы Жүнісова өткізді.
Әлеуметтік кодекстің жобасында қолданыстағы мемлекеттік жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдер толығымен сақталған. Сонымен қатар, құжатта мемлекеттік деңгейде балалы отбасыларға әлеуметтік қолдауды жақсартатын келесі нормалар қарастырылған:
Біріншіден, бала күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда бала күтімі бойынша мемлекеттік жәрдемақыны және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (бұдан әрі – МӘСҚ) әлеуметтік төлемді төлеу мерзімдері бір жылдан бір жарым жылға дейін ұлғайтылатын болады.
Бұл ретте, МӘСҚ-дан төлем алушы жұмысқа ерте шыққан жағдайда оның мөлшері мемлекеттік жәрдемақы деңгейінде сақталатын болады.
МӘСҚ-дағы жұмыс берушілердің қызметкерлері үшін әлеуметтік аударымдар мөлшерлемесінің мөлшері өзгеріссіз қалатынын атап өту қажет.
Екіншіден, бала туылғанға дейінгі соңғы 2 жылда әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтілі 6 айдан аз ата-аналар жұмыс істемейтін адамдармен қатар республикалық бюджеттен төленетін бала күтімі бойынша мемлекеттік жәрдемақы алатын болады.
Үшіншіден, әлеуметтік әділеттілікті орнату үшін марапатталған аналарға берілетін жәрдемақы мөлшері сараланатын болады. Мәселен, «Алтын алқа» алқаларымен марапатталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған жәрдемақы мөлшері 6,4 АЕК-тен 7,4 АЕК-ке дейін ұлғайтылады.
2 бет. Барлығы: 4