
Әр жыл сайын тамыз айында біздің емханада кәсіподақ комитеті «Мектепке жол» акциясын өткізіп отырады. 2023 жылы балалар жылы іс-шараларын іске асыру аясында «Баланы мектепке дайындау» - ұранымен өткізілуде. Акция 2023 жылдың 16 тамызында басталды. 1 қыркүйек
– бұл Білім күні және ол алғашқы рет 1-сыныпқа баратын балалар үшін мереке болуы керек, осыған орай «№3 қалалық емхана» ШЖҚ КМК қызметкерлерінің 1-сыныпқа баратын балаларына канцеляриалық қажеттіліктерді алу үшін сертификат берілді.



