Жұмыс уақыты: ДС-ЖМ: сағ. 08:00-ден 20:00-ге дейін
«СҚО әкімдігінің ДБ» КММ
«№3 қалалық емхана» ШЖҚ КМК
150013, Петропавл қаласы,
Ж. Кизатова 7 «А» көшесі
Т.Мухамед-Рахимова 27 –
«Отбасылық денсаулық орталығы)
Рига» көшесі 27/4 (бұрынғы балалар жұқпалы аурулар ауруханасы) –
«№ 3 қалалық емхана» ШЖҚ КМК
Сall-орталық Ж. Кизатова 7 «А» к-сі
+7 (7152) 63-01-55
+7 (775) 096-30-85

ОДО Call-орталығы: (отбасылық денсаулық орталығы)
+7 (7152) 62-55-00
Жаңа филиалдың тіркеу телефоны:
+7(7152) 51-46-51

20.10.2023
Тұмау - кез-келген адам жұқтыруы мүмкін жұқпалы ауру. Вирус - тұмаудың қоздырғышы болып табылады, ол жұқтырған адамдардан басқалардың мұрын-жұтқыншағына түседі.

Адамның көбі тұмаумен бірнеше күн ғана ауырады, бірақ кейбіреулердің жағдайлары одан да күрт нашарлауы мүмкін,өлімге дейін әкелетін аурудың ауыр ағымы болуы ықтимал.
Тұмау кезінде созылмалы аурулар күшейеді, сонымен қатар тұмаудың кең ықтимал асқынулары бар:
• Өкпенің асқынуы (пневмония, бронхит). Пневмония көп жағдайда тұмаудан өлім-жітімге әкелетін себеп болып табылады.
• Жоғарғы тыныс жолдарының және ЛОР мүшелерінің асқынулары (отит, синусит, ринит, трахеит).
• Жүрек-тамыр жүйесі тарапынан асқынулар (миокардит, перикардит).
• Жүйке жүйесінің асқынулары (менингит, менингоэнцефалит, энцефалит, невралгия, полирадикулоневрит).
Ықтимал асқынуларды болдырмау үшін тұмаудың алдын алуды уақтылы жүргізу және аурудың өзін дұрыс емдеу маңызды