Жұмыс уақыты: ДС-ЖМ: сағ. 08:00-ден 20:00-ге дейін
«СҚО әкімдігінің ДБ» КММ
«№3 қалалық емхана» ШЖҚ КМК
150013, Петропавл қаласы,
Ж. Кизатова 7 «А» көшесі
Т.Мухамед-Рахимова 27 –
«Отбасылық денсаулық орталығы)
Рига» көшесі 27/4 (бұрынғы балалар жұқпалы аурулар ауруханасы) –
«№ 3 қалалық емхана» ШЖҚ КМК
Сall-орталық Ж. Кизатова 7 «А» к-сі
+7 (7152) 63-01-55
+7 (775) 096-30-85

ОДО Call-орталығы: (отбасылық денсаулық орталығы)
+7 (7152) 62-55-00
Жаңа филиалдың тіркеу телефоны:
+7(7152) 51-46-51

Назар аударыңыз!

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 123-бабы 2-тармағының 1) және 2) тармақшаларына сәйкес, МСАК-қа қызмет көрсетудің отбасылық қағидатын және аумақтық қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында, сондай-ақ «№3 қалалық емхана» ШЖҚ КМК-дан  «Денсаулық» ЖКЕМ-ге балаларды  беру туралы»  бұйрығын орындау үшін 01.08.2024 жылдан бастап «Денсаулық» ЖКЕМ-нің қызмет көрсету аумағында тұратын балалар тұрғылықты жері бойынша автоматты түрде қайта тіркелетін болады.

01.08.2024 жылдан бастап «Денсаулық» ЖКЕМ қызмет көрсету аумағына кіретін мекенжай бойынша тұратын балаларға медициналық көмек көрсету мәселелері бойынша осы медициналық мекемеге жүгіну қажет.

«№3 қалалықемхана» ШЖҚ КМК әкімшілігі

«№3 қалалық емхана» ШЖҚ КМК «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес 2023 жылғы 21 шілдеден бастап емхана қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуді жоспарлап отыр.

Талданатын кезең 2023 жылдың сәуірінен 2024 жылдың сәуіріне дейін.

Осыған байланысты, 2024 жылғы 24 сәуірге дейінгі мерзімде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бар проблемалық мәселелерді электрондық мекенжайға жіберуді сұраймыз Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

Сұрақтар туындаған жағдайда 8(7152)537693 телефоны бойынша хабарласу қажет.

photo_2023-11-29_15-43-50_2.jpg


«Дөңгелек үстел» барысында балаларды вакцинациялауға жіберуді ұйымдастыру мәселелері талқыланды, вакцинациялауға қарсы көрсетілімдермен, екпелерге тән реакциямен, сондай-ақ емхананың медицина қызметкерінің екпеден кейінгі бақылауды жүргізуі туралы таныстырылды

photo_2023-11-29_15-44-22_2.jpg

Емханаға тіркелген тұрғындарға жұқпалы аурулар дәрігерінен, психологтардан АИТВ-инфекциясы, аурудың негізгі белгілері, науқас адамдарды уақтылы анықтаудың маңыздылығы бойынша кеңес алу және де АИТВ-ға тегін, анонимді жедел тестілеуден өту мүмкіндігі ұсынылды. Сондай-ақ, емхананың медицина қызметкерлері қандағы глюкоза, холестерин деңгейін анықтауға және қан қысымын анықтауға жедел тестілеуді ұйымдастырды.
Негізгі мақсат пен міндет - халықтың АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу туралы хабардарлығын арттыру және денсаулықты сақтайтын мінез-құлықты қалыптастыру болып табылады. Ашық есік күні ақпараттық брошюралар, буклеттер таратылды.

«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы» КММ «№3 қалалық емхана»  ШЖҚ КМК 2023 жылғы 08 тамызда сағат 15:00-де СҚО, Петропавл қаласы, Қизатов көшесі, 7а мекенжайы бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелерін жария талқылау туралы хабарлайды.Талқылауға қатысу мәселелері бойынша кәсіпорынның Комплаенс-менеджері Марианна Александровнаға 8 (715-2) 538292 телефоны бойынша хабарласуға болады.

photo_2023-10-31_15-37-47.jpg

«№3 қалалық емхана» ШЖҚ КМК-да МСАК жұмысында үздік тәжірибелер орталығының енгізілуіне байланысты 2023 жылдың маусым айынан бастап жүкті әйелдер мен жас балаларға МСАК деңгейінде патронаждық қызмет көрсетудің әмбебап прогрессивті моделі кабинеті ашылды.

Патронаттық қызметкерлерді оқыту мен кәсіби өсуді қолдауды ЮНИСЕФ ұлттық сарапшылары ішкі және сыртқы қолдау курациясын/қадағалауын енгізе отырып, бастапқы және үздіксіз оқыту арқылы жүргізді.

ПҚӘМ тиімділігі жүкті әйелдерді үйде ерте бақылауды қамтуды арттыру; сондай-ақ денсаулықтың алаңдатарлық белгілері туралы білетін жүкті әйелдердің үлесін арттыру; тек ана сүтімен емізетін жаңа туған нәрестелер санын көбейту; нәрестелер мен балалар өлімінің көрсеткіштерін төмендету; отбасылардың патронаттық қызметке қанағаттану деңгейінің өсуі.
Патронаждық қызмет көрсету - патронаждық мейірбикенің босанғанға дейінгі кезеңді қоса алғанда, ерте жастағы балаларға «үйге келу» жүйесі. Отбасымен өз ортасында кездесу маманға мәселелерді түсінуге және дұрыс шешім қабылдауға ерекше мүмкіндік береді.
Әмбебап модель-бұл белгілі бір жас кезеңдерінде әр балаға міндетті түрде баратын барлық жас балаларды патронаттық бақылаумен қамту.
Мақсатты модель - бұл медициналық немесе психоәлеуметтік тәуекелдерге байланысты ерекше қажеттіліктері бар жоғары тәуекел тобындағы патронаттық бақылаумен қамту.
Үйдегі патронаттық сапарлардың әмбебап прогрессивті моделі - бұл әмбебап және мақсатты модельдің артықшылықтарын біріктіретін, олардың шектеулерін еңсеретін және максималды тиімділікті қамтамасыз ететін аралас модель.

photo_2023-11-09_16-34-09.jpg

«№ 3 қалалық емхана» ШЖҚ КМК базасында 2023 жылғы 1 қазаннан 1 қарашаға дейін қарттар мен мүгедек адамдарды әлеуметтік қолдау айлығын өткізу бойынша іс-шаралар өткізілуде. 5, 12, 19 қазанда қарттар мен мүгедектерге арналған «Ашық есік күндері» ұйымдастырылды.
Біздің алдын алу және әлеуметтік көмек қызметкерлері үй жағдайындағы тасымалданбайтын пациенттердің үйлеріне барып, әлеуметтік көмек және психологиялық қолдау көрсетті, сонымен қатар қарттар мен мүгедектер санатындағы 35 адамды емханада бейінді мамандардың кабинеттеріне апарып ілесіп жүрді, әлеуметтік жұмыстар бойынша 6 адамды ресімдеді, үйге барып дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету -32 адамды қамтыды.
5 қазанда біздің емхананың қабырғасында 17 пациентпен әңгімелесу өткізілді, «Дұрыс тамақтану бойынша 10 кеңес», «Дене белсенділігі» тақырыбында жеке консультациялар көрсетілді. Науқастармен қамту 49 адамды құрады. Ақпараттық-білім беру материалдары таратылды – 20 дана.
12 қазанда егде жастағы адамдармен, сондай-ақ темекі шегу мәселесі бойынша мүмкіндігі шектеулі пациенттермен «Темекіні тастағысы келетіндерге практикалық кеңестер», «Дене белсенділігінің денсаулыққа әсері» тақырыптарында жеке консультациялар өткізілді. Бұл күні 40 адам қамтылып, ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, тар шеңберлі мамандардың қабылдауында болуына көмектесті. 18 дана ақпараттық-білім беру материалдары таратылды. 19 қазанда егде жастағы және мүгедек адамдармен «Алкогольдің денсаулыққа әсері», «Темекіде не бар?», тақырыбында санитарлық-ағарту жұмыстары ұйымдастырылды, буклеттер, парақшалар таратылды - 30 дана. Әлеуметтік қолдау көрсетілді, тасымалданбайтын пациенттерді дәрілік препараттармен қамтамасыз етілді, тар шеңберлі мамандардан, психологтардан, әлеуметтік қызметкерлерден және басқа да мамандардан қажетіне қарай кеңес алынды - қамту 46 адамды құрады.

20.10.2023
Тұмау - кез-келген адам жұқтыруы мүмкін жұқпалы ауру. Вирус - тұмаудың қоздырғышы болып табылады, ол жұқтырған адамдардан басқалардың мұрын-жұтқыншағына түседі.

Адамның көбі тұмаумен бірнеше күн ғана ауырады, бірақ кейбіреулердің жағдайлары одан да күрт нашарлауы мүмкін,өлімге дейін әкелетін аурудың ауыр ағымы болуы ықтимал.
Тұмау кезінде созылмалы аурулар күшейеді, сонымен қатар тұмаудың кең ықтимал асқынулары бар:
• Өкпенің асқынуы (пневмония, бронхит). Пневмония көп жағдайда тұмаудан өлім-жітімге әкелетін себеп болып табылады.
• Жоғарғы тыныс жолдарының және ЛОР мүшелерінің асқынулары (отит, синусит, ринит, трахеит).
• Жүрек-тамыр жүйесі тарапынан асқынулар (миокардит, перикардит).
• Жүйке жүйесінің асқынулары (менингит, менингоэнцефалит, энцефалит, невралгия, полирадикулоневрит).
Ықтимал асқынуларды болдырмау үшін тұмаудың алдын алуды уақтылы жүргізу және аурудың өзін дұрыс емдеу маңызды