«№ 3 қалалық емхана» ШЖҚ КМК базасында 2023 жылғы 1 қазаннан 1 қарашаға дейін қарттар мен мүгедек адамдарды әлеуметтік қолдау айлығын өткізу бойынша іс-шаралар өткізілуде. 5, 12, 19 қазанда қарттар мен мүгедектерге арналған «Ашық есік күндері» ұйымдастырылды.
Біздің алдын алу және әлеуметтік көмек қызметкерлері үй жағдайындағы тасымалданбайтын пациенттердің үйлеріне барып, әлеуметтік көмек және психологиялық қолдау көрсетті, сонымен қатар қарттар мен мүгедектер санатындағы 35 адамды емханада бейінді мамандардың кабинеттеріне апарып ілесіп жүрді, әлеуметтік жұмыстар бойынша 6 адамды ресімдеді, үйге барып дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету -32 адамды қамтыды.
5 қазанда біздің емхананың қабырғасында 17 пациентпен әңгімелесу өткізілді, «Дұрыс тамақтану бойынша 10 кеңес», «Дене белсенділігі» тақырыбында жеке консультациялар көрсетілді. Науқастармен қамту 49 адамды құрады. Ақпараттық-білім беру материалдары таратылды – 20 дана.
12 қазанда егде жастағы адамдармен, сондай-ақ темекі шегу мәселесі бойынша мүмкіндігі шектеулі пациенттермен «Темекіні тастағысы келетіндерге практикалық кеңестер», «Дене белсенділігінің денсаулыққа әсері» тақырыптарында жеке консультациялар өткізілді. Бұл күні 40 адам қамтылып, ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, тар шеңберлі мамандардың қабылдауында болуына көмектесті. 18 дана ақпараттық-білім беру материалдары таратылды. 19 қазанда егде жастағы және мүгедек адамдармен «Алкогольдің денсаулыққа әсері», «Темекіде не бар?», тақырыбында санитарлық-ағарту жұмыстары ұйымдастырылды, буклеттер, парақшалар таратылды - 30 дана. Әлеуметтік қолдау көрсетілді, тасымалданбайтын пациенттерді дәрілік препараттармен қамтамасыз етілді, тар шеңберлі мамандардан, психологтардан, әлеуметтік қызметкерлерден және басқа да мамандардан қажетіне қарай кеңес алынды - қамту 46 адамды құрады.
23.10.2023 Қарттар мен мүгедек адамдарды әлеуметтік қолдау жөніндегі айлықты дайындау және өткізу жөніндегі іс-шаралар
- Қаралды: 349