- Қаралды: 126
Назар аударыңыз!
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 123-бабы 2-тармағының 1) және 2) тармақшаларына сәйкес, МСАК-қа қызмет көрсетудің отбасылық қағидатын және аумақтық қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында, сондай-ақ «№3 қалалық емхана» ШЖҚ КМК-дан «Денсаулық» ЖКЕМ-ге балаларды беру туралы» бұйрығын орындау үшін 01.08.2024 жылдан бастап «Денсаулық» ЖКЕМ-нің қызмет көрсету аумағында тұратын балалар тұрғылықты жері бойынша автоматты түрде қайта тіркелетін болады.
01.08.2024 жылдан бастап «Денсаулық» ЖКЕМ қызмет көрсету аумағына кіретін мекенжай бойынша тұратын балаларға медициналық көмек көрсету мәселелері бойынша осы медициналық мекемеге жүгіну қажет.
«№3 қалалықемхана» ШЖҚ КМК әкімшілігі
- Қаралды: 276
«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы» КММ «№ 3 қалалық емхана» ШЖҚ КМК «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес 2023 жылғы 21 шілдеден бастап басқарма қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуді жоспарлап отыр.
Талданатын кезең 2022 жылдың сәуірден 2023 жылдың сәуіріне дейін.
Осыған байланысты, 2023 жылғы 21 шілдеге дейінгі мерзімде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бар проблемалық мәселелерді электрондық мекенжайға жіберуді сұраймыз Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.
Сұрақтар туындаған жағдайда 8(7152)537693 телефоны бойынша хабарласу қажет