«Жастар денсаулық орталығы» - бұл халықаралық стандарттарға сәйкес және бәсекелестік орта талаптарына жауап беретін салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелерінде жастарды даярлау жөніндегі білім беру-практикалық орталық.
Негізгі мақсат - жасөспірімдер мен жастардың денсаулығын сақтау және нығайту.
Жұмыс тобы:
Жасөспірімдер - 12-17 жас аралығындағы тұлғалар.
Жастар -18-29 жас аралығындағы тұлғалар.
Жастар денсаулық орталықтарының міндеттері
· Медициналық-психоәлеуметтік көмекті қамтамасыз ету.
· Жасөспірімдерді салауатты өмір салтын ұстану дағдыларын игеруге және қалыптастыруға үйрету.
· Оқу-әдістемелік, ақпараттық материалдарды дайындау.
· Басқа ЕПҰ-мен жұмыста сабақтастықты қамтамасыз ету.
· Жасөспірімдер мен жастарға әлеуметтік-құқықтық қолдау көрсету.
· Сектораралық және ведомствоаралық ынтымақтастық.
Қызмет көрсетудің негізгі қағидаттары
· қол жетімділік, жасөспірімдер мен жастарға бағдарлану;
· оларды қажетті уақытта, дұрыс жерде алуға болады;
· тегін беріледі;
· көмек жынысына, ұлтына, әлеуметтік мәртебесіне және т. б. қарамастан пациенттерге арналған;
· жасөспірімдер үшін қолайлы формада болу;
· ең осал мақсатты топтарға арналған;
· кешенді және тиімді болып табылады.
Нормативтік-құқықтық база
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2006 жылғы 9 тамыздағы № 225-ө өкімі
ҚР ДСМ 2006 жылғы 19 қазандағы № 491 «Жастарға қолайлы қызметтерді енгізу туралы» бұйрығы
Амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының қызметі туралы ережесі» ҚР Денсаулық сақтау Министрлігінің 2011 жылғы 5 қаңтардағы №7 бұйрығы
· Мониторинг индикаторлары (қысқа мерзімді)
· ЖҚҚ нысаналы топтарын қамтуды ұлғайту (жастарға қолайлы қызметтер)
· Қайта келу % - ның артуы
· «Жедел желі» (150)телефоны бойынша өтінішті ұлғайту
· Жасөспірімдерді интерактивті тренингтермен қамтуды ұлғайту
· Білім деңгейін, қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын арттыру
· Мақсатты топтың ЖДО туралы хабардарлығын арттыру
· Еріктілер желісін құру және кеңейту
Процесс көрсеткіштері
· ЖДО үшін дайындалған мамандар саны;
· ЖДО –да кешенді медициналық - психологиялық-әлеуметтік қызметтер алған жасөспірімдер мен жастардың саны;
· Ақпараттық-білім беру материалдарын алған жасөспірімдер мен жастардың саны;
Мұнда сіз білікті және қол жетімді көмек, сондай-ақ келесі мәселелер бойынша кеңес аласыз:
· Репродуктивті және жыныстық денсаулық
· Отбасын жоспарлау
· Контрацепция
· Жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың, АҚТҚ/ЖҚТБ-ның алдын алу
· Психикалық денсаулық
· Алкоголизмнің, нашақорлықтың және темекі шегудің алдын алу
· Рационалды тамақтану
· Стресс пен депрессиялық жағдайлардың алдын алу
· Жазатайым оқиғалар мен жарақаттанудың алдын алу
· Қатыгездік пен зорлық-зомбылық мәселелері
· Құқықтық кеңес беру