Емханаға тіркелген тұрғындарға жұқпалы аурулар дәрігерінен, психологтардан АИТВ-инфекциясы, аурудың негізгі белгілері, науқас адамдарды уақтылы анықтаудың маңыздылығы бойынша кеңес алу және де АИТВ-ға тегін, анонимді жедел тестілеуден өту мүмкіндігі ұсынылды. Сондай-ақ, емхананың медицина қызметкерлері қандағы глюкоза, холестерин деңгейін анықтауға және қан қысымын анықтауға жедел тестілеуді ұйымдастырды.
Негізгі мақсат пен міндет - халықтың АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу туралы хабардарлығын арттыру және денсаулықты сақтайтын мінез-құлықты қалыптастыру болып табылады. Ашық есік күні ақпараттық брошюралар, буклеттер таратылды.
2023 жылғы 20 қарашада «№ 3 қалалық емхана» ШЖҚ КМК-да Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күні аясында Ашық есік күні өтті.
- Қаралды: 308