Жыл сайын 1-7 тамыз аралығында Дүниежүзілік бала емізу апталығы өткізіледі. Осыған орай «№3 қалалық емхана» ШЖҚ КМК базасында 2013 жылғы 1-7 тамыз аралығындағы «Емшек сүтімен емізу – балалар денсаулығының кілті» тақырыбында апталық өтті. Емізу – нәрестелердің сау дамуы мен иммунитеті үшін барлық қажетті қоректік заттармен қамтамасыз етудің ең жақсы тәсілі.
Бала емізетін аналарға, сондай-ақ сәбилердің келуін күтіп отырған аналарға емшек сүтімен емізу тақырыптары бойынша сабақтар, консультациялар, әңгімелер өткізілді:
• баланың дұрыс орналасуы, баланы кеудеге қою, дұрыс емізу дағдыларын қалыптастыру,
• түнгі емізудің маңыздылығы,
• бала емізетін ананың тамақтануы және өмір салты,
• лактостаздың, маститтің алдын алу.
Емшекпен емізу - босанғаннан кейін ана ағзасының табиғи сүт өндіруіне негізделген әлемдегі нәрестелерді тамақтандырудың ең қолжетімді әдісі. Алты айға дейінгі барлық балалардың 50%-дан астамы тек емшек сүтімен қоректенеді. Мемлекеттік деңгейде емшек сүтімен емізуді жан-жақты қолдаудың арқасында миллионнан астам баланың өмірін сақтап қалуға мүмкіндік туды.
Емшек сүті - жаңа туған нәрестелер үшін жалғыз оңтайлы өнім. Жаңа туған нәрестені ана сүтімен емізу баланың денесін өзінің иммунитетін қалыптастыру кезеңінде қорғайтын барлық қажетті микроэлементтермен, антиденелермен қамтамасыз етеді.
Емшек емізудің пайдасы қандай?
- Нәрестенің иммундық жүйесі әлі де жеткілікті дамымаған және табиғи тамақтанатын нәрестелер ананың емшек сүтінің иммундық факторларының көмегімен вирусты инфекциялармен аз ауырады, оларды жеңіл көтереді және тезірек жазылады. Осылайша, емшек сүті жылдың суық мезгілінде тұмаудан, ал ыстық кездерде - ішек инфекцияларынан қорғайды.
- ана сүтімен тамақтанған балалар демікпеден, диареядан, құлақ инфекциясынан, екінші типті диабеттен аз зардап шегеді;
- баланың емшекті ему актісі дұрыс тістеуді қалыптастырады және тіс жегінің алдын алады;
- балаға емшек емізу миының және баланың ақыл-ой қабілеттерінің жақсы дамуына ықпал етеді;
- емшек емізу болашақта балаға әлеуметтік және мәнсап сатысында жылжуға көмектесуі мүмкін;
- емшек емізу ана мен бала арасындағы байланысты орнатуға көмектеседі.
Ана сүті нәресте үшін қауіпсіз. Оны жылытудың, тамақтандыру бөтелкелерін зарарсыздандырудың немесе қоспаның құрғақ затымен судың қажетті қатынасын есептеудің қажеті жоқ. Емшек сүті - ананың нәрестеге бере алатын бірінші және ең жақсы нәрсесі.
• Баланы дұрыс ұстау:
Баланың басы мен денесі түзу
• Баланың денесі мен беті кеудеге қаратылып, мұрны емшек тұсында болуы қажет
• Баланың денесі ананың денесіне жақын
• Анасы баласының мойны мен иығын ғана емес, бүкіл денесін ұстауы қажет
Баланы емізу:
• Баланың ернін емшекке тигізу
• Баланың аузын толық ашуын күту
• Баланың астыңғы ернінің емшектің астында болуына назар аудара отырып, баланы емшекке тез жақындату
Дұрыс емізу белгілері:
• Баланың иегі ананың кеудесіне тиіп тұрады
• Нәресте аузын барынша ашады
• Астыңғы ерні сыртқа шығыңқы тұрады
• Емшектің ұшы астыңғы жағынан емес үстіңгі жағынан көрініп тұрады