Жұмыс уақыты: ДС-ЖМ: сағ. 08:00-ден 20:00-ге дейін
«СҚО әкімдігінің ДБ» КММ
«№3 қалалық емхана» ШЖҚ КМК
150013, Петропавл қаласы,
Ж. Кизатова 7 «А» көшесі
Т.Мухамед-Рахимова 27 –
«Отбасылық денсаулық орталығы)
Рига» көшесі 27/4 (бұрынғы балалар жұқпалы аурулар ауруханасы) –
«№ 3 қалалық емхана» ШЖҚ КМК
Сall-орталық Ж. Кизатова 7 «А» к-сі
+7 (7152) 62-55-55
ОДО Call-орталығы: (отбасылық денсаулық орталығы)
+7 (7152) 62-55-00
Жаңа филиалдың тіркеу телефоны:
+7(7152) 51-46-51

photo_2023-11-10_11-57-51_2.jpg

28.07.2023 «№3 қалалық емхана» ШЖҚ КМК базасында жүкті пациенттер арасында «Ана мен баланы әлеуметтік қолдау» тақырыбында семинар өткізілді. Семинарды «СҚО бойынша Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ филиалының директоры Жанар Сағымбайқызы Жүнісова өткізді.
Әлеуметтік кодекстің жобасында қолданыстағы мемлекеттік жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдер толығымен сақталған. Сонымен қатар, құжатта мемлекеттік деңгейде балалы отбасыларға әлеуметтік қолдауды жақсартатын келесі нормалар қарастырылған:
Біріншіден, бала күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда бала күтімі бойынша мемлекеттік жәрдемақыны және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (бұдан әрі – МӘСҚ) әлеуметтік төлемді төлеу мерзімдері бір жылдан бір жарым жылға дейін ұлғайтылатын болады.
Бұл ретте, МӘСҚ-дан төлем алушы жұмысқа ерте шыққан жағдайда оның мөлшері мемлекеттік жәрдемақы деңгейінде сақталатын болады.
МӘСҚ-дағы жұмыс берушілердің қызметкерлері үшін әлеуметтік аударымдар мөлшерлемесінің мөлшері өзгеріссіз қалатынын атап өту қажет.
Екіншіден, бала туылғанға дейінгі соңғы 2 жылда әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтілі 6 айдан аз ата-аналар жұмыс істемейтін адамдармен қатар республикалық бюджеттен төленетін бала күтімі бойынша мемлекеттік жәрдемақы алатын болады.
Үшіншіден, әлеуметтік әділеттілікті орнату үшін марапатталған аналарға берілетін жәрдемақы мөлшері сараланатын болады. Мәселен, «Алтын алқа» алқаларымен марапатталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған жәрдемақы мөлшері 6,4 АЕК-тен 7,4 АЕК-ке дейін ұлғайтылады.

photo_2023-11-10_11-57-51_3.jpgphoto_2023-11-10_11-57-51_4.jpgphoto_2023-11-10_11-57-51_5.jpgphoto_2023-11-10_11-57-51_6.jpgphoto_2023-11-10_11-57-51_7.jpgphoto_2023-11-10_11-57-51.jpg